Көңіл көкжиегі

Жүрегімнің түбіне терең бойла… (Абай)


«ҚазНеттің жаназасы» атты мақаламда еліміздегі .kz доменіне қатысты жаңа заңның негативті тұстары туралы жазған болатынмын. Көп күттірмеді. Өздеріңіз куә боп жатқандай, бүгіннен бастап google.kz өз доменін google.com-ге редирект (басқа жаққа сілтеп жіберу) жасады. Сондай-ақ, енді сіз қандай да бір ақпаратты іздегенде бұрынғыдай «Қазақстан аумағынан іздеу» дегенді таппайсыз. Read the rest of this entry »


Popularity: 14% [?]

Маңғыстауда не боп жатыр?

Posted by timurrr On June - 7 - 2011ADD COMMENTS

Ауылдан кеткеніме үш жылдан асып барады. Дегенмен, туған жерден кіндігім үзілмесі анық. Әр мезет ауыл жақтан оқыс хабар келсе, елегзіп те қаламын. Мен кеткелі бері талай оқиғалар болды. Алғашқы тосын жаңалық беймәлім үшеудің таксисті көлігімен алып қашып, орта жолдан полиция бекетінде жанжал шығарып, ары қарай Түрікмен аспағы болғаны. Соңғы естігенім — Ақтау түрмесінен 21 тұтқынның Голливуд киносына бергісіз сценаримен қашқаны… Солардың арасында үнемі назарда боп келе жатқаны — маңғыстаулық мұнайшылардың жиі-жиі ереуілге шығып кеткені етін. Енді міне, осы жылдың мамыр айынан бастап тағы да ереуілдер толастар емес. Read the rest of this entry »


Popularity: 12% [?]

Бөпе Тимур:)

Posted by timurrr On June - 7 - 2011ADD COMMENTS

1989 жыл. Бірінші сыныпқа барған кезім. «Нөләвәй» деген дәл біздің алдымызда құрып кетті. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздіксіз оқып шықтық. Сондықтан жұрт секілді 4-сыныптан секірмей өттік. Бір қызығы, 1-сыныбымыз құдды бір балабақша секілді өтті. Таңда ертесімен сабаққа барамыз. Түске дейін оқимыз. Түсте асханадан тамақ ішеміз. Сосын «тихий час». Сағат төрттерде тұрғызады да полдник беріп, ойнатады. Кешкісін, дәл қазір есімде жоқ, жобамен алтының уақыты болуы мүмкін үйге қайтамыз. Мына суретте мектепке алғаш барғандағы венеткаға түскен кезім. Көзіммен күнге, қатты жарыққа тіке қарай алмаймын. Бірден жасаурап сала береді. Ал ол кездің фотографында (бізді түсірген) «свечка» деген дүние болмады. Сол үшін барлығымызды терезенің нақ қарсы алдына отырғызып, содан түскен жарыққа қаратып түсірді. Менің «ауруым» басталды. Енді түсіре бергенде көзім жасаурап, басымды бұрып әкетемін. Қазіргідей сыфыровой фатапарат жоқ. Пленкасының әр кадры санаулы. Қайта-қайта кадрын бүлдіріп, өзім де жөнді суретке түспеген соң, ақыры мені терезеге қаратып емес, терезенің босағасына, көлеңкелеу жаққа бұрып, бір қырымнан түсірді. Сөйтіп, “Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” суретке түстім:)))


Popularity: 11% [?]


«Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, күдіксіз Аллаһ оны көреді!»
«Зілзала» сүресі, 7 аят

Ренжімеңіздер! Копи-паст екендігінде сөз жоқ! Бірақ жақсы хабарды тезірек өздеріңізбен бөліскім келді. Мен үшін сүйінші сұрауға лайық жаңалық! Енді, иншаллаһ, біздің ауылдағы абыржып, қиналып жүрген имамның қабағы жадырап, қатын-баласы ешкімге қарап жәудіремейтін болды. Осы кеше ғана ауылға барып келгенімде «Сауда-саттық жасасам да, тірлігімнің бір реті келсе, осы жаназадан пұл алуды доғарар едім!..» дегенін естіп едім. Аллаһ тілегін қабыл етіпті. Өйтпегенде ше, ауылда мешітке аяқ басатын да, садақа беретін де жандар саусақпен санарлық. Қанша “өзі үшін”, «діні үшін» қызмет етсе де, имам да адам. Оның да бала-шағасы бар. Енді осы тақілеттес кісілерге сіздің және біздің орталықтандырылған садақа/зекет қорына төлеген қаражатымыздың шетінен жалақы тағайындалатын болды. Осы істің басы-қасында жүргендердің барлығына Аллаһ разы болсын айта отырып, хат мәтінін назарларыңызға ұсынамын!

Қадірлі бауырлар!
Жақында ғана көптен бері сөз етіліп жүрген ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы) Зекет Қоры тіркеліп, өз жұмысын бастады. Зекет және садақаларды бір орталыққа шоғырландырып, оларды елімің руханиятын көтеруге қатысты іс-шараларға бағыттаумен айналысатын Зекет Қоры, қазіргі таңда қоғамда қалыптасқан көптеген мәселелерді шешуге тікелей атсалысатын болады.
Қоғамдағы діни сауаттылықтың төмен деңгейде болуының арқасында, көптеген жат діни ағымдар белсенділік танытып, халықтың санасын улауда. Ал, сан ғасырдан бері қаймағы бұзылмай жеткен дәстүрлі дінімізді одан әрі жүйелі әрі толыққанды насихаттап, түсіндіру жұмыстары көбінесе қаржы мәселесіне байланысты тоқырап қалып жатқаны белгілі. ҚМДБ Зекет қоры, міне, осы мәселені ел болып жұмыла шешудің оңтайлы тетігі болмақ.
Ел руханиятын басты нысан ретінде қарастыратын Зекет Қорының қаржысының бағытталатын іс-шараларының кейбіреуі мыналар:
— барлық елді мекендер мен ауыл мешіттерін имамдармен қамтамасыз етіп, олардың жалақысын төлеу,
— білікті діни мамандар жетілдіру,
— Ислам ғылыми-зерттеу орталығын ашу,
— дәстүрлі Ислам дінінің түрлі қырларын қамтитын сапалы әрі жан-жақты әдебиет дайындап, тарату,
— діни білім мекемелерінің саны мен сапасын арттырып, олардың инфрақұрылымын дамыту,
— дәстүрлі Ислам дінінің жүйелі, кешенді және ғылыми түрде насихатталуының инфрақұрылымын дамыту (мешіт-медреселер, БАҚ, қажылық мәселелері, халал индустриясы, исламдық қаржы т.б.).
Қордың басқарылуы, заманауи кәсіби басқару жүйесіне сай жүргізіліп, өз кезегінде халықаралық зекет қорларының үздік үлгілері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ҚМДБ Зекет Қоры Исламдық экономикалық жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі — „Уақф„ концепциясы негізінде қызмет етеді.
Осындай ұлы мақсаттарды көздеген ҚМДБ Зекет Қорына қолдау көрсетіп, еліміздің рухани ахуалына қызмет етуге қатысуларыңызды сұраймыз.
Қаражаттарыңызды жеке тұлға ретінде де, заңды тұлға ретінде де аударуларыңызға әбден болады. Екі жағдайда да ресми бухгалтерлік құжаттар толықтай ұсынылады.
Кез келген сұрақтарыңыз бойынша бізге хабарласуларыңызға болады.

Құрметпен,
Едіге АЛПЫСБАЙ,
ҚМДБ Зекет Қорының
Директоры
050016, г. Алматы
Маметова к-сі, 1Б,
Тел. +7 (727) 3976384
э-пошта: e.alpysbay@zeket.org.kz
www.zeket.org.kz


Popularity: 16% [?]

Қазақтың діні жоқ!

Posted by timurrr On April - 18 - 20114 COMMENTS

Суреттің мекен-жайы: skachayte.ruИслам дініне шақырылғанда,

Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? (Сафф сүресі)

Алланың қасында шынайы дін Ислам. (Әл-Имран сүресі)

Арабтың да діні жоқ! Кәрістің де, немістің де. Алланың ғана діні бар. Ол – Ислам. Өмірінің соңғы мезетінде, 100 мыңнан астам сахабаға өсиет айтқан ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (алейхи уассалату уассалам) “Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан еш артықшылығы да, кемшілігі де жоқ! Олардың арасындағы айырмашылық, тек олардың жүректеріндегі иманда” деген болатын. Read the rest of this entry »


Popularity: 48% [?]

KarimMassimov_E: @timusha Hello!

Posted by timurrr On March - 26 - 20111 COMMENT

Қуаныштан келген хабарды оқи сала, өзім қараптан-қарап суқаным сүймейтін on.kz-ге жол тарттым. Енді ше? Анау-мынау емес, елдің ПРМР-і әлеуметтік желілерге басын сұғып жатса… Маған керегі ilike.kz емес, On.kz те емес, туиттердегі аккаунты еді. Сөйтсем, Кәрім көкеміз қазақ және орыс тілінде сөйлеушілер үшін: @KarimMassimov, ал ағылшын тілінде гәпіретіндер үшін: @KarimMassimov_E атты туйт ашыпты. “Ұрыста тұрыс жоқ!” деп білек сыбанып, екеуіне де “ере” салдым. Read the rest of this entry »


Popularity: 39% [?]


Көптің көңілін күпті қылған BlogCamp та өз мәресіне жетті. Аталмыш шарадан түйгенім де көп, көргенім де көп. Қалай болғанда да “Блогшылар” деп аталатын қауым кәдімгідей қол жинап қалыппыз…

Сонымен,  еліміздің блоггерлері бас қосқан бұл Құрылтайда не көріп қайттым? Read the rest of this entry »


Popularity: 47% [?]

Мұсылман мен Лексус

Posted by timurrr On January - 13 - 2011ADD COMMENTS

“Лексусты” жақсы көлік дейді білетіндер. Жақсы екенін түрінен де білуге болатындай. Әдемі. Қарасаң көз тояды. Артық-ауыс жері де жоқ. Жұмыртқадай жұп-жұмыр келген кескіні де тамаша. “Тойотаның” элегант нұсқасы дейді” тағы бір білгіштер. Бәлкім… Әйтеуір, автокөлік-сүйгіштердің сілекейлерін шұбыртып-ақ тұр. Әркім-ақ сол бір сұлу мәшінді иемденуге құмар-ақ. Ал енді менің тақырыбыма келсек, “Мұсылманның Лексусқа не қатысы бар?” дейсіздер ғой? Пәлендей қатысы шамалы. Бірақ ғибрат алатын жері бар. Read the rest of this entry »


Popularity: 100% [?]

“Ой, Өмір-ай!..”

Posted by timurrr On January - 12 - 20112 COMMENTS

Маңғыстау ауданы, бортаулар

Маңғыстауда Қызан атты ауыл бар. Шалғайда орналасқан жерлердің бірі. Одан әрмен жүрсеңіз Ақшымырау атты ауылға маңдайыңыз тіреледі. Нағыз ауылдың тірлігін көргіңіз келсе, сол жаққа барсаңыз болады. Жолы ұзақ. Жарты ғасырдан бері мұнайы бетіне кілкіп шығып, жыл сайын “Биыл алдыңғы жылғы көрсеткіштен басып озуымыз керек” деп, тескілегеннің үстіне тескілеп жатса да, сол ен мұнайдың қалдығы мазут та жетпей қала ма білмедім, асфальт жолдың зәрулігі де жоқ емес. Бір қолдың саусағымен санарлық асфальт жолдарының өзі жамау-жамаудан ойқыш-ұйқыш қатпарланып қалғанына неше жыл… Read the rest of this entry »

Audio clip: Adobe Flash Player (version 9 or above) is required to play this audio clip. Download the latest version here. You also need to have JavaScript enabled in your browser.


Popularity: 86% [?]


Басынан ескертемін! Бұл ешқандай да көре алмастық, ішітарлық не қызғаншақтық емес! Болған жайдың жаңғырығы ғана. Өздеріңізге мәлім, соңғы кезде “Mozilla Firefox”-ты жүктеп, компыңызға қондырар болсаңыз, оны жаңартқан кезде “Мcafee security scan plus” деп аталатын тулза бірге орнайтын болып жүр. Тегін дүниеден ешкім бас тартпаған болар:) Мен де бас шұлғып оның қызметімен келістім. Шындығында ол антивирус емес. Бар болғаны соның утилиттерінің бірі. Мақсаты – компыңызға қаншалықты қауіп төніп тұрғанын тексереді де ескертеді. Сондай бір әрекет кезінде маған екі сайтты (суретті қараңыз) қауіпті етіп көрсетті. Соның бірі атышулы – kezdesu.com боп шықты. Ал енді Аршат жауап бер:))) Сайтыңның кодына не салып қойдың?

ПыСы: Алайда өзім оған көп мән бере қоймадым. Өйткені, жақында көшіп бастаған timurdan.info атты сайтымды да жұмыстағы WebSense “Өте қауіпті сайттардың” санатына жатқызып үлгеріп, блок қойып тастады:) Әйтеуір экстремистік демегеніне шүкір:)


Popularity: 74% [?]

VIDEO

TAG CLOUD

Маңызды сайттар

Мен туралы

Бұл - мен...

Twitter

    Photos

    Фото-0003Фото-0006Фото-0008Фото-0010

    Ads Plugin created by Jake Ruston's Wordpress Plugins - Powered by Dior Sunglasses and Human Services school.